Шіл 03, 2022 13:52 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі сионистік режимнің Сирияға жасаған шабуылдарын айыптап: «Сионистік режимнің басқыншылық әрекеттеріне шара қолданбау Батыстың Сирияны тұрақтандыруға талпыну туралы уәждерінің шындыққа сәйкес келмейтінін көрсетеді»,- деді.

 

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан сенбі күні Дамаскіде Сирия Президенті Башар Асадпен кездесіп, аймақтың мәселелерін диалог пен ынтымақтастық арқылы шешуге тоқталып: «Иран әртүрлі мәселені әскери түрде шешуге қарсы»,- деп баса айтты.

Бұл кездесуде Башар Асад та Иран Сыртқы істер министрінің Дамаскіге сапарын аймақтық және жаһандық өзгерістерді ескере отырып, қазіргі жағдайда маңызды деп бағалады. Ол: «Қалыптасып жатқан жағдай аймақтағы тепе-теңдікті біздің пайдамызға өзгертуде»,- деді. Башар Асад Батыс елдерінің есеп айырысуға, бәсекеге түсуге және басқа тараптардан ұпай жинауға бағытталған Сириядағы жағдайды арандату мақсатындағы әрекеттерін айыптады.