Шіл 04, 2022 15:17 Asia/Almaty
  • Иран арқылы тауарларды тасымалдауға елдерден сұраныстар  артуда

Иранның жол және қала құрылысы министрі елдерден ИИР арқылы жүк тасымалдауға сұраныстардың артқанын хабарлады.

 

Рустам Ғасеми оңтүстік елдердің Иран арқылы Ресейге қосылу үшін жаңа дәліздерді қолдану сұраныстарына тоқталып: «Қазіргі уақытта контейнер Үндістаннан Иранның «Шахид Раджаи» портына, одан кейін пойызбен Раштқа, одан жүк көлігімен Астараға және Әзірбайжан теміржолына жалғасып, ақыры Финляндияға жеткізіледі. Бұл бағыттағы жүктердің транзиттік уақыты 17-ден 18 күнге дейін, ал Қызыл теңіз жолы арқылы тасымалданатын болса, 45 күннен екі айға дейін созылады. Аяқталуы тиіс негізгі теміржол дәліздері Чабахар-Сарахс, Чабахар-Рашт, Чабахар-Астара, сондай-ақ транзиттік жүктерді тасымалдау үшін Инче-Брун темір жолын жетілдіру болып табылады»,- деді.