Шіл 28, 2022 14:48 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Иран ислам республикасы үлкен іс атқарып, дінді саясаттан бөлу керек деген теорияны теріске шығарды

Ислам революциясынан кейінгі алғашқы жұма намазын өткізудің жылдығына орай Иранның түкпір-түкпіріндегі жұма намазының құтпагерлері сәрсенбі күні имам Хомейни (р.) атындағы діни орталығына жиналып, Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеимен кездесті.

Аятолла Хаменеи осы маңызды кездесуде көптеген мәселелерді қозғады. Жетекші баяндамасындағы айшықты тақырыптардың бірі ИИР-ның Батыс өркениетінің басты өзегі, яғни дінді саясаттан бөлу туралы теориясын жоққа шығарудағы маңызды жетістігіне көңіл аудару болды.

Жетекші ИИР-дың Батыс өркениетінде бірнеше ғасыр бойы үстемдік етіп келе жатқан дінді саясаттан бөлу теориясын немесе секуляризмді жоққа шығарғанын баса айтты. Жетекшінің айтуынша, секуляризм Батыс өркениеті болмысының басты өзегі саналады. Батыс мемлекеттері мен ойшылдары соңғы бірнеше ғасырда дінді биліктен немесе дінді саясаттан бөлу керек деп айтқанына қарамастан, ИИР жаңа қатынас, яғни діни демократия ұсыну арқылы әсерлі түрде дінді саясат саласына енгізіп, Батыс демокартиясы жайлы бұрыннан уәж айтатындарды, яғни дін мен саясаттың үйлеспейтіні және дінді биліктен бөлу керек туралы теориясын түйткілге ұшыратты.  

Діни демократия илаһи заңдылық пен халықтың қалауына негізделген билік моделіне бақылау жасайды және илаһи қағидалар, әділет пен халыққа қызмет негізінде билік жүргізіп, халықтың рухани және материалдық дамуына жағдай жасайды. Діни демократия қоғамды басқару үшін исламдық тағылымдар мен ішкі қарым-қабілеттерге сүйеніп теория жасауға талпынады. Иран халқы осындай мектепке сенеді. Діни демократияны дінге сенетін (мүмін) азаматтардың шариғат тағылымдары негізінде саяси өмірге белсене араласатын билік түрі деп атауға болады. Биліктің илаһи сипатқа ие болуы және халықтың билікке араласуын осы үкіметтің екі негізі элементі деп атауға болады.

Шын мәнінде діни демократия Батыс секуляризмінің орнын алмастыра алатын көрнекті модель ретінде таныстырылған. Сондықтан бұл жағдай АҚШ бастаған Батыс билеушілерінің ашуын тудырды. Батыстықтардың талпыныстарыі, әсіресе АҚШ-тың Иранға қарсы бүлдіргі әрекеттерінің бірі ИИР жүйесін тиімсіз деп көрсетіп, Иран халқын үмітсіздендіруге талпыну болып отыр.  

Тегтер