Шіл 28, 2022 17:52 Asia/Almaty
  • Иранның Барлау ұйымы Моссад тыңшылық агенттігіне ауыр соққы жасады

Иранның Барлау ұйымы өз мәлімдемесінде сионистік режимнің Моссад барлау агенттігіне қарасты тыңшылық желінің басшысы мен мүшелерін құрықтағанын хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің елдің Барлау ұйымына сілтеме жасап хабарлауынша, осы тыңшылық желінің мүшелері бұрын сионистік режимге жалданып жұмыс істеген сепаратистік топтардың бірінің итермелеуімен Моссад барлау агенттігінің басшысымен тікелей байланысқа шыққан.

Иран Барлау ұйымының мәлімдемесінде: «Бұл желінің мүшелері ақпарат жинаумен қоса, объектілерді өртеу, Иранға қарсы ұран жазып, үгіт-насихат жасау, бүлдіргі әрекеттер мен қарулы қақтығыстар жасау үшін тиісті жаттығулар жүргізген. Желінің бес мүшесі осы әрекеттерді жүзеге асырмас бұрын құрықталды»,-делінген.

Тыңшылық желі мүшелерінен дамыған құрал-жабдықтар, телефон мен сим-карталар анықталды.

Тегтер