Там 03, 2022 17:24 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Исламдық қарсыласу қозғалысы аймақ халықтарының құқығын қорғайды

Иран Сыртқы істер министрі Палестина исламдық қозғалысының бас хатшысымен кездесуінде: «Исламдық қарсыласу қозғалысы ішкі біртұтастық пен бірлікті нығайта отырып, аймақ халықтары мен Палестинаның заңды құқығын бар күш-жігерімен қорғайды»,-деді.

Амир Абдуллахиан Палестина исламдық қозғалысының бас хатшысы Зияд Нахаламен кездесуінде ИИР-ның Палестина халқының арманы мен азаттығын, сионистердің апартеид режимінің экспансиясына қарсы күресін қолдауға бағытталған принципті саясаты мен тұрақты ұстанымына берік екенін баса айтты.

Амир Абдуллахиан сионистік режим мен АҚШ-тың қарсыласу қозғалысынан жеңілгеніне және палестиналықтар үшін жаңа жағдай қалыптасқанына тоқталып: «Ислам елдері арасында интеграция нығайған соң дұшпандардың Палестина мен қасиетті Құдсты азат ету арманын солғындатуға бағытталған әрекеті сәтсіздікке ұшырайды»,-деп үміт білдірді.

Тегтер