Там 07, 2022 15:28 Asia/Almaty
  • Иранның түрлі қалаларында Тасуа күніне орай аза тұту рəсімі өтті

Иранның түрлі қалаларында Аһл-е Бейт пен имам Хұсейнге (ғ.) ғашықтар Тасуа күніне орай аза тұту рəсімін өткізді.

Бүгін, жексенбі х.қ.ж.с.б 1444 жылдың мұхаррам айының тоғызыншы жұлдызы, сəйкесінше 2022 жылдың 7 тамызы - имам Хұсейннің Тасуа күні.

Хазірет Аба Абдулла Хұсейн (ғ.) мен оның сенімді серіктері х.қ.ж.с.б 61 жылы 10 мұхаррамда Кербалада шəһид болды.

Тасуа мен Ашура күндері Иранның түкпір-түкпірінде халық аза тұту рəсімін өткізіп, əлем шиіттерінің үшінші имамы хазірет Хұсейн (ғ.) мен оның серіктері, соның ішінде оның інісі хазірет Абулфазлдың (ғ.) шəһид болған күнінің жылдығын атап өтеді.

Тегтер