Там 08, 2022 17:12 Asia/Almaty

Әлемнің ең ірі жабық базары саналатын Тебриз базарында Ашура күні хазірет Хұсейнді (ғ.) аза тұту рәсімі өтті.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Тебриздің үлкен дәстүрлі базары мұхаррам айында, әсіресе Тасуа мен Ашура күндерінде аза тұту топтарын қабылдады. Қолымен кеуде соғатын және шынжырмен арқа соғатын топтар қалыбындағы аза тұту рәсімдері имам Хұсейннің (ғ.) шәһид болған күнінің үшінші түніне дейін жалғасады.

Иранның солтүстік-батысындағы Шығыс Әзірбайжан облысының орталығы Тебриз қаласының халқы Ашура түнінде жыл сайынғы дәстүр бойынша 41 мешітте майшам жақты. Осылайша символды түрде имам Хұсейн (ғ.) мен оның серіктерінің күркелерін қараңғылықтан арылтты.

Шам жағу рәсімі – Шығыс Әзірбайжан облысында Ашура күнінде орындалатын 9 рәсімнің бірі. Бұл рәсім Иранның материалдық емес ұлттық мұра тізіміне тіркелген.

Тегтер