Там 08, 2022 18:01 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен Ашура түнінің аза тұту рәсімі өтті

Имам Хомейни(р.) кесенесінде Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен Ашура түнінің аза тұту рәсімі өтті.

Ислам революциясының жетекшісі кеңсесінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы рәсімде худжат ул-ислам уәл-мұслемин Седдиқи Құдайды еске алуды мүміннің жүрегіне тыныштық сыйлайтын бұлақ деп атап: "Құран Кәрімде айтылған сенімді тыныстың ең көрнекті үлгісі – имам Хұсейннің (ғ.) қасиетті болмысы",-деді.

Сонымен қатар осы рәсімде Мейсам Матии де имам Хұсейнді (ғ.) мадақтап, жоқтады.

Әлем шиіттерінің үшінші имамы хазірет Аба Абдулла әл-Хұсейнді аза тұту рәсімі х.қ.ж.с.б. 1444 жылы 7-12 мұхаррам аралығында 6 түн бойы Теһрандағы имам Хомейни (р.) кесенесінде өтті.  

Тегтер