Там 08, 2022 20:04 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Қарсыласу қозғалысының жауынгерлері сионистерге қатаң жауап береді

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы мұсылман халықтары арасында сионистерге қарсы рух таралып жатқанын айтып: "Көкірек көзі соқыр дұшпандар Қарсыласу қозғалысы жауынгерлерінің сионистерге қатаң жауап беретінін білсін",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф сионистік режимнің Газаға қарсы шабуылдары мен қылмыстарынан кейін мәлімдеме жасап: "Сионистердің заңсыз, адамзатқа қарсы әрі балаөлтіргіш режимі ислам үмбетінің қарсыласуы алдында сәтсіздіктері мен әлсіздіктері көбейген соң АҚШ пен басқа да адамзатқа қарсы мемлекеттердің қолдауымен Газа секторының тұрғын аудандарына әскери шабуыл жасап, Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының қолбасшыларына террор жасау арқылы тағы да өзі мен демеушілерінің агрессор сипатын көрсетті",-деп жазды.

Қалибаф өз мәлімдемесінде: "Ислам үмбеті мен Палестинаның мазлұм халқы хазірет Аба Абдулла әл-Хұсейнді (ғ.) аза тұту күндері жасалып, қорғансыз адамдардың қаза тауып, жаралануына себеп болған қылмысты жауапсыз қалдырмайтыны сөзсіз. Палестинадағы барлық топтардың толық бірлігіне сүйеніп, қарымта әрекет жасап, сионистік әскерилер мен олардың демеушілеріне тағы бір соққы беріп, жеңеді",-деді.

Тегтер