Там 10, 2022 15:45 Asia/Almaty
  • Иранның атақты ақыны Хушанг Ебтехадж қайтыс болды

Иранның атақты ақыны әрі зерттеушісі «Сая» деген атпен танылған Хушанг Ебтехадж 94 жасында қайтыс болды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хушанг Ебтехадждың қызы Ялда Ебтехадж сәрсенбі күні таңертең Инстаграмдағы жеке парақшасында: «Біздің Сая жеті мың жылдықтармен кездесуге аттанды»,-деп жазды.

Ұстаз Ебтехадж былтыр шілде айында бүйрек жетіспеушілігі салдарынан Германияның Келн қаласындағы бір ауруханаға жатқызылған болатын.

Амир Хушанг Ебтехадж 1928 жылы 29 ақпанда Иранның солтүстігіндегі Решт қаласында дүниеге келген.

Оның ең маңызды еңбектерінің бірі – «Хафиз Саяның талпынысымен» атты Хафиз ғазалдарының редакциясы. Бұл кітап алғаш рет 1994 жылы басылып шыққан.

Тегтер