Там 10, 2022 16:32 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен хазірет имам Саджадтың (ғ.) шәһид болған түнінде аза тұту рәсімі өтті

Имам Хомейнидің (р.) кесенесінде Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен хазірет имам Саджадтың (ғ.) шәһид болған түнінде аза тұту рәсімі өтті.

Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл рәсімде худжат ул-ислам уәл-муслемин Рафии сөз сөйлеп, хазірет имам Саджадтың (ғ.) Ашура оқиғасынан кейінгі қозғалысты түсіндіру жиһады қалыбында жалғастырудағы рөлін айтып: «Құран, пайғамбар сүннеті мен имамат мәдениетін қайта жаңғырту, дұға қалыбында тағылымдарды түсіндіру және Ашура қозғалысын қайта жандандыру имам Зейн ул-Абединнің түсіндіру жиһадының бес негізгі ұстыны болды»,-деді.

 

Тегтер