Там 13, 2022 17:09 Asia/Almaty
  • Теһранда 22-ші Халықаралық құрылыс өнеркәсібі көрмесі басталды

Теһранның Халықаралық көрмелер орталығында 22-ші Халықаралық құрылыс өнеркәсібі көрмесі басталды.

Бұл көрмеде 900-ден аса отандық компания мен шетелдік компаниялардың өкілдері құрылыс саласындағы соңғы жетістіктерін жұрт назарына ұсынып отыр. Көрмеде құрылыс өнеркәсібіндегі су жаңа тәсілдер мен заманауи жабдықтар таныстырылады. Көрме құрылыс материалдары саласында отандық және халықаралық нарықтарды зерттеп, осы өнімдерге сұранысты бағамдауға жақсы мүмкіндік тудырып отыр.

Тегтер