Там 16, 2022 16:23 Asia/Almaty
  • Иран үкіметінің баспасөз өкілі:

Иран үкіметінің баспасөз өкілі: "Қоршаған ортаға төнетін қатерлерді анықтау, елдің шекарасы мен ауа райы өзгерістерін бақылау, пайдалы қазбалар іздеу "Хайям" жерсерігінің қызметтерінің қатарына жатады",-деді.

Әли Бахадори Джахроми сейсенбі күні Iran Press ақпарат агенттігі тілшісінің АҚШ Мемлекеттік департаментінің бір баспасөз өкілінің ирандық жерсерік тыңшылық жасауға қабілетті деген уәжіне қатысты сұрағына жауабында: "Хайям" жерсерігінің басты жұмысы – іргелі ғылымға негізделген компанияларға қажетті ғылыми мағлұматтарды талдау",-деді.

"Хайям" жерсерігі Ресеймен бірлесе отырып, сейсенбі 8 тамызда Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз" жерсеріктасығышының көмегімен ғарышқа ұшырылып, Жер орбитасына шығарылды.  

Тегтер