Қыр 28, 2022 14:15 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иран кез келген адам төңкеріс немесе революция жасай алатын жер емес

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ мемлекет қайраткерлеріне қарата: «Иран ешкімнің төңкеріс немесе революция жасай алатын жер емес. Иранда маңызды жаңалық жоқ және жүйе өзгермейді»,- деді.

 

Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан АҚШ ұлттық радиосына (NPR) берген сұхбатында жас ирандық бойжеткен Махса Аминидің өліміне қатысты сұраққа жауап беріп, былай деді: «Мұндай оқиға бүкіл әлемде, соның ішінде Америкада, Англияда және басқа елдерде жылына сан рет орын алады. Бұл оқиғадан  кейін Иран президенті бұл мәселені мұқият бақылап, Амини ханымның отбасымен сөйлесті.  Сот жүйесі бұл мәселемен шындап айналысуда». Иран Сыртқы істер министрі: «Лондоннан басқарылатын бұл желілердің кейбірі адамдарды жаппай тәртіпсіздікке, өртеуге және өлтіруге шақырады. 17 мың ирандықты шәһид еткен «Мұнафеқин» лаңкестік тобын АҚШ пен кейбір Еуропа елдері арандатып, мүшелерін Иранның ішіне өз жіберуде»,- деп айтты.

 

 

Тегтер