Қыр 28, 2022 15:01 Asia/Almaty
  • Өткен 10 күнде имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесіне 12 миллионнан астам адам келді

Иранның Құдс Разави қасиетті жерлерінің орынбасары соңғы 10 күнде имам Реза (ғ.с.) қасиетті кесенесіне 12 миллионнан астам адамның келгенін хабарлады.

 

Кеше (сейсенбі) хиджраның 1444 жылдың 30 сафар күні сәйкесінше 2022 жылдың 27 қыркүйегі әлемдегі шиіттердің сегізінші имамы хазірет Резаның (ғ.с.) шәһид болған күні атап өтілді.  Иранның  Құдс Разави қасиетті жерлерінің орынбасары Мұхаммаж Тавакули Фаримани Мешхед қаласындағы имам Реза (ғ.с.) қасиетті жерінің 16 кіреберісінде зиярат етушілер саны күн сайын есептелетінін айтты. Осы статистика бойынша соңғы күндері зияратшылардың саны 12 миллионнан асты. Имам Резаның (ғ.с.) шәһид болған күні Иран, Пәкістан, Ауғанстан, Үндістан және Ирак елдерінен келген 3000 діни делегация қасиетті Мешхедте аза тұтты.