Қыр 28, 2022 15:33 Asia/Almaty
  • Иранның солтүстік-батысында лаңкестік топ жойылды

Иран полициясының шекара қызметінің қолбасшысы елдің солтүстік-батысында лаңкестік топтың жойылғанын хабарлады.

 

Иран полициясының шекара қызметінің қолбасшысы сардар Гударзи шекараның арғы жағындағы кез келген қозғалыстың бақылауда екеніне  тоқталып: «Жуырда Шығыс Әзірбайжан облысындағы Ходаафрин шекарашылары лаңкестік топты жойды»,- деді. Иран полициясының шекара қызметінің қолбасшысы ел шекарасындағы кез келген заңсыз қозғалыс пен қарулы әрекетке қатаң шара қолданылатынын мәлімдеді.