Қаз 01, 2022 02:48 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Бағери: Иран АҚШ-тың кез келген əрекетіне қарсы тұрады

Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы: "Егер америкалықтар ирандық ұшқышсыз ұшақтарға қатысты жауластық əрекет жасаса, ИИР Қарулы күштері оған кесімді жауап беретін болады",-деді.

Генерал-майор Мұхаммед Бағери Ирактың Күрдістан аймағында АҚШ күштерінің бір ирандық ұшқышсыз ұшақты жойғаны туралы уəжге жауабында: "Егер америкалықтар ирандық ұшқышсыз ұшақтарға қатысты жауластық əрекет жасаса, ИИР қарсы тұрып, кек алуға құқылы",-деді.

Генерал-майор Бағери Иран Қарулы күштерінде АҚШ-тың Ирактағы Харир, Арбил жəне Даһук базаларына қатысты толық əрі нақты мағлұматтар бар екенін айтып: "Иран тек сепаратист лаңкестерге қарсы күресіп жатыр. Бұл кезеңде ешбір əрекет америкалықтарға қатысты емес",-деді.

Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы: "Америкалықтардың ирандық ұшқышсыз ұшақты жойғаны туралы уəжі АҚШ-тың лаңкестер мен сепаратистерге жақтасып, олармен əріптестік жасап отырғанын дәлелдейді",-деді.

Тегтер