Қаз 01, 2022 17:06 Asia/Almaty
  • Раиси Қытайды Ұлттық күнімен құттықтады

ИИР Президенті Қытай республикасының Төрағасына жолдауында елдің Ұлттық күнімен қуаттап: «Теһран мен Бейжіңнің жан-жақты стратегиялық серіктестікті жүзеге асыруға деген ерік-жігері ортақ мүдделерді жүзеге асырудың нақты көрінісі болып табылады»,- деді.

 

Иран Президенті Ибрахим Раиси Си Цзиньпин мен осы елдің халқын Қытайдың Ұлттық күнімен құттықтаған жолдауында: «Қазіргі әлем қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр, оларды еңсеру үшін тәуелсіз елдердің ынтымақтастығын арттырып, жалпы адамзаттық мүдделерді қамтамасыз ету үшін жаһандық шешімдерді ойластыру қажет»,- деді.

Iran Press-тің хабарлауынша, Ибрахим Раиси Қытай Президентінің жаһандық даму  және жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдайтынын және оларды халықтардың ұжымдық мүдделеріне негізделген және әл-ауқатын жақсарту мен жаһандық бейбітшілікті нығайтуға бағытталған идеялар ретінде құптайтынына тоқталып: «Иран мен Қытай екі тәуелсіз ел ретінде біржақтылық пен басқа елдердің ішкі істеріне араласуға қарсы болып, қарым-қатынастарды жан-жақты кеңейту үшін көптеген мүмкіндіктерге ие.

 

Тегтер