Қаз 03, 2022 16:37 Asia/Almaty

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Шетелдегі антиреволюциялық медиа құралдар жалған ақпарат таратып, қатерлі əрекеттер жасауға, өлтіруге жəне қоғамдық орындарға шабуыл жасауға үндейтін, Молотов коктейлін жасауды үйрететін фабрикаға айналды",-деді.

Насер Канани дүйсенбі күні баспасөз отырысында Шетелдегі парсытілді ақпарат арналарының кейбіреулерінің əдеттен тыс əрекеттері туралы: "Бұл медиа құралдар - қатыгез əрекеттер жасауға үндейтін орталықтар. Олардың іс-шаралары ешбір критерий мен халықаралық ережелерге сай келмейді",-деді.

Канани: "ИИР - əйел құқығы мен адам құқығын сақтау саласында уəж айтатын елдердің бірі. Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін əйел құқығы мен адам құқығы маңызды тақырыптардың бірі болып отыр",-деді.

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Бағер Намазидың бостандыққа шығуы туралы: "Ол дипломатиялық жолдар арқылы бір дос елдің көмегімен елден шығарылды. Бірақ тұтқындар мəселесі басынан-ақ Иранның күн тәртібінде тұр. Бұл тақырыптың ядролық келіссөздерге қатысы жоқ",-деді.