Қаз 04, 2022 14:51 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран халқы дұшпанның қастандығын сәтсіздікке ұшыратты

ИИР Президенті: «Миллиондаған адамның құндылықтарды қорғау сахнасына шығуы дұшпанның исламдық Иранға қарсы жоспарлаған қастандығын сәтсіздікке ұшыратты»,- деді.

 

Раиси  Ислам Кеңесі Мәжілісінде елдің кейбір қалаларындағы соңғы оқиғалар мен толқуларға тоқталып, дұшпанның Иран халқына деген ашуының себебін  санкциялар мен кедергілерге қарамастан елдің ілгерілеуі,   санкциялар мен кедергілерге мән бермеу деп атады.

Иран  Президенті Ислам революциясы жетекшісінің өткен күндегі хикметтік нұсқауларына назар аудартып: «Ислам революциясы жетекшісінің соңғы оқиғаларды жан-жақты талдауы барша зиялы қауымға түсінікті әрі пайдалы болды. Ол  жағдайды талдай отырып, АҚШ пен сионистік режимнің неліктен Иран халқына қарсы қастандық жасап, бүлік жасап жатқанын түсіндірді»,- деді. Ибрахим Раиси  елінің санкцияларды залалсыздандырудағы күш-жігеріне сілтеме жасап: «Дұшпан барынша қысым көрсетуде сәтсіздікке ұшырады және Иран халқына қарсы санкциялардың нәтиже бермегенін ресми түрде мойындады»,- деп баса айтты.

 

Тегтер