Қаз 04, 2022 16:13 Asia/Almaty
  • «Саман» суборбитальды зонды сәтті ұшырылды

Саман суборбитальды зонды бар «Саман» орбиталық тасымалдау блогының сынақ үлгісі Иранның Қорғаныс министрлігінің ерік-жігерімен сәтті ұшырылып, сынақтан өтті.

 

Иран Қорғаныс министрлігі Әуе және ғарыш өнеркәсібі ұйымы мамандарының күш-жігерімен жер серігін жердің әртүрлі орбиталары арасында жылжыту үшін қолданылатын «Саман» орбиталық тасымалдау блогының  сынақ үлгісі Саман суборбитальды зонды көмегімен сәтті ұшырылды және сыналды.

Иранның Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап, жерсеріктерінің  орбиталық биіктігін арттыру үшін қолданылатын «Саман» орбиталық тасымалдау блогының жобасы мен құрылысында тек санаулы елдердің монополиясы болып табылатын озық технологиялар қолданылғанын хабарлады.