Қаз 04, 2022 18:38 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісі Ирандағы тәртіпсіздіктердің шетелден жоспарлануын қуаттады

Қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы аятолла Хаменеи дүйсенбі күні таңертең қарулы күштердің офицерлік университеттерінің студенттерінің ортақ оқу бітіру рәсімінде Махса Аминидің өлімін сылтауратып, орын алған Ирандағы соңғы тәртіпсіздіктерге қатысты маңызды мәлімдемелер жасады.

Ислам революциясы жетекшісі: «Осы қыздың оқиғасы болмаса да, биыл 1 мехрде елде тынышсыздық пен бүлік жасау үшін басқа сылтау тауып алар еді.  Бүліктер мен тынышсыздықтар - АҚШ пен сионистік режимнің жобасы. Жалдамалылар мен шетелдегі кейбір сатқын ирандықтар оларға көмектесті",- деді. Аятолла Хаменеи АҚШ-тың тек Ислам Республикасына ғана емес, сонымен қатар күшті және тәуелсіз Иранға қарсы екенін баса айтып: «Олар Пехлеви заманындағы Иранды көксейді.  Бұрынғы сүтті сиырдай олардың əмірлеріне көне беруін қалайды»,- деп сөзін жалғады.

Британдық зерттеуші журналист Кит Кларенберг: «Пентагонның Иранға қарсы онлайн соғысы, Ирандағы соңғы наразылықтар Америкадағы  батырманы басудан Теһран көшелеріндегі зорлық-зомбылыққа дейін, шетелден әзірленген және арандатылған»,- деді. Шын мәнінде, АҚШ Батыс блоктың көшбасшысы ретінде Трамп дәуірінен бері максималды қысым науқаны түріндегі барлық санкцияларды енгізіп қана қойған жоқ,  Иранға экономикалық қысым жасау арқылы әлеуметтік толқуларды күшейтуді көздеді. Сөйтіп   Иранның ішкі істеріне араласуға сылтау тапқан сайын, мәселен, 2018 жылғы қарашада бензиннің қымбаттауын сылтауратқан толқулар немесе президенттік сайлаудың нәтижесіне наразылық білдіру сылтауымен 2018 жылғы тәртіпсіздіктерде АҚШ бүлікшілер мен зорлық-зомбылық әрекеттеріне немесе қоғамдық мүлікті жоюға қатысқандарды ынталандыру және қолдау көрсету үшін бар күшін салды. Бұдан бөлек, ядролық ғалымдарды өлтіріп, Иранның ядролық нысандарына саботаж жасау арқылы Иран халқына дұшпандығын ашық көрсеткен сионистік режим АҚШ-пен  бірге лай судан балық аулауға тырысуда. Сионистік режим Махса Аминидің өлімін сылтауратып, Иран халқын бүлік пен бейберекеттікке шақырып, өзінің ішкі агенттерінен, әсіресе революцияға қарсы топтардан көмек алған. Сонымен қатар, Иранда тәртіпсіздіктер тудыру үшін сыртқы дұшпандар мен оларға тәуелді агенттердің бұрыннан жоспарлағаны туралы көптеген дәлелдер бар.   Махса Аминидің өлімін сылтауратып, Ирандағы соңғы тәртіпсіздіктер тағы да ИИР-ның сыртқы дұшпандарының оны Иранның ішкі істеріне араласу және бүліктерді көбірек қоздыру мүмкіндігі ретінде пайдалануына себеп болды. Бірақ  миллиондаған адамдардың   көшелер  мен алаңдарға  шығып, елі мен жүйесін қолдауы дұшпанның қастығын сәтсіздікке ұшыратты.

 

Тегтер