Қаз 05, 2022 15:52 Asia/Almaty
  • Канани Чафи: Марокко сионистік режиммен қарым-қатынасты қалыпқа келтіруден туындаған сенімсіздіктерге жауап беруі керек

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы өз мәлімдемесінде ИИР-нің Йемен мен араб елдерінің ішкі істеріне араласуы туралы Марокко Сыртқы істер министрінің жалған және қайталанған уәждерін теріске шығарып: «Марокко ИИР негізсіз айыптаулардың орнына, сионистік апартеид режимімен қарым-қатынастардың қалыпқа келуіне байланысты аймақ елдері мен халықтарына қауіп төндіруіне алаңдап, жауап беруі керек»,- деді.

Iran Press-тің мәліметінше, Насер Канани Чафи сейсенбі күні кешке Марокко Сыртқы істер министріне өз уақытын Йеменнің мазлұм халқының мәселелерін шешуге жұмсауды және сионистік режимге сенім артудың орнына БҰҰ-ның  ережелеріне сүйене отырып, Батыс Сахара халқының тағдырын анықтауға негіз дайындау туралы кеңес айтты.

 

 

Тегтер