Қаз 05, 2022 16:09 Asia/Almaty
  • Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының тоғызыншы кезеңі отырысы басталды

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының тоғызыншы кезеңі отырысы биліктің үш тармағы басшыларының қатысуымен басталды.

 

Кеше, сейсенбі күні Ибрахим Раиси Жүйе мүддесін анықтау алқасының тоғызынша отырысының ашылу салтанатында: «Халық Ислам революциясының қоры, үздіксіз талпыныс – дұшпанды үмітінен айырып, керісінші халыққа үміт сыйлайды. Барлық күш-жігер халықтың Ирандағы жүйенің тиімділігіне деген үмітін арттыру болуы керек»,- деді.

Иран Ислам Кеңесінің төрағасы Мұхаммад Бақер Қалибаф та осы рәсімде Ислам революциясы мен Иранның бұрынғыдан да күшті және қуатпен жарқырап тұрғанын мәлімдеді. Қалибаф: «Бүгін дұшпан танымдық, экономикалық соғыспен және қолындағы барлық құралдармен  имам мен үммет арасында қашықтықты орнату және басқарудағы жүйенің әлсіздігін көрсетуді көздеуде»,- деді. Иранның Сот билігінің басшысы Ғоламхұсейн Мохсени Эжеи де Жүйе мүддесін анықтау алқасының тоғызынша отырысының ашылу отырысында жүйенің мақсатқа сай болуы маңызды мәселелердің бірі және жүйені сақтау міндеттемелердің бірі екенін баса айтты.