Қаз 05, 2022 19:14 Asia/Almaty

Солтание күмбезі Занджандағы ең тартымды туристік орындардың бірі және әлемге әйгілі. Солтание күмбезі Занджан қаласынан 36 шақырым жерде орналасқан.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Солтаниенің биіктігі 48 жарым метр және ішкі саңылауының диаметрі 25 жарым метр болатын тарихи күмбезі Сұлтан Мұхаммед Ходабанденің бұйрығымен хиджраның 703-713 жылдары аралығында салынған. Солтание күмбезінің көгілдір қасбеті шөл даланың қақ ортасында әшекей тастай жарқырайды, ал оның архитектуралық стилі - Селжук дәуірінің стилі. Солтание күмбезі Италиядағы Санта-Мария шіркеуі мен Түркиядағы Айя-София мешітінен кейінгі әлемдегі ең әйгілі үшінші күмбез. Солтание күмбезі Ирандағы ең үлкен тарихи күмбез және әлемдегі ең биік кірпіш күмбез ретінде тіркелген.