Қаз 06, 2022 16:21 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясында ирандық зияратшы қамаудан босатылып, Иранға қайтарылды

Сауд әулеті түрмесінде 80 күн қамауда болған ирандық зияратшы Иранға қайтып оралды.

Халил Дәрдмәндті қарсы алу рәсіміне адам көп жиналды.

Халил Дәрдмәнд 10 шілде Құрбан айт күні Қағбада түсірілген фотосурет жариялаған. Фотосуретте сардар қажы Қасым Солейманидың суреті байқалған.

Осы фотосурет жарияланғаннан кейін Халил Дәрдмәнд Сауд Арабиясының қауіпсіздік күштері тарапынан ұсталды. Иранның дипломатиялық аппараты мен сот органының талпыныстарының арқасында ол түрмеден босатылып, елге қайтарылды.