Ақп 19, 2018 16:38 Asia/Almaty
  • Қазақстанда Қырғызстан Парламентінің бір депутаты құрықталды

Қазақстан СІМ осы елде Қырғызстан Парламенті депутатының құрықталғаны туралы мәліметті растады.

AKIpress ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, Қазақстан СІМ Ақпарат хатшысы Ануар Жайнақов: "Қырғызстанның Парламент депутаты Демирбек Асилбекулу үш қырғыз азаматымен бірге Қазақстан жерінде қамауға алынды.

Қазақстан СІМ ақпан айының он жетісі күні Қырғызстан азаматы Демирбек Асылбекулуның құрықталғаны жайлы Қырғызстан СІМ-не нота жолдады",- деп мәлімдеді.

Қырғызстан Парламентінің 37 жастағы депутаты  Дамирбек Асылбекулу сондай-ақ, осы елдің Күрес федерациясы төрағасының бірінші орынбасары саналады.

 

 

Тегтер

Сараптама