Ақп 03, 2019 14:37 Asia/Almaty
  • Қазақстанда Ислам революциясының жеңісіне орай поэзия кеші өтті

Ислам революциясы жеңісінің 40 жылдығына орай, Қазақстанның елордасы Астана қаласында поэзия кеші өтті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, осы рәсімде ИИР-дың ҚР-дағы елшісі Маджид Сабер қазақ студенттерінің алдында сөз сөйлеп: «Ислам революциясы Иранда 2500 жылдық үкіметтің құлап, демократияға негізделген исламдық республиканың құрылуына себеп болды»,-деді.

Маджид Сабер қазақ студенттерінің парсы тіліне қызығатынына ризалық білдіріп, Қазақстандағы танымал тарихи тұлға Қожа Ахмет Ясауи аударған Аттари Нишапуридің «Мантеқ ут-Тейр» поэмасынан үзінді оқып, мұны екі халық арасында ежелден келе жатқан достық пен түсіністіктің нышаны деп атады.

Кештің жалғасында студенттер парсы тілінде өлең оқып, ән айтып, көрініс қойды.

Тегтер