Ақп 08, 2019 19:13 Asia/Almaty
  • Қазақстан ирандық ақпарат агенттіктерімен ортақ бағдарламалар өткізуге дайын

Қазақстанның «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры директоры Асқар Омаров ИИР елшісі Маджид Сабермен кездесуінде Ислам революциясы жеңісінің қырық жылдығымен құттықтап, ирандық ақпарат агенттіктерімен мәдени және ақпарат салаларында ортақ бағдарламаларды өткізуге әзірліктерін мәлімдеді.

«Тасним» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстандағы ИИР елшісі Маджид Сабер Қазақстанның «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің бас  директоры  Асқар Омаровпен кездесуінде  Казинформ мен ИРНА-ның ынтымақтастық меморандумына қол қойғанына тоқталып, келешекте екіжақты ынтымақтастықтардың артатындығына үміт білдірді.

Асқар Омаров ИИР-ның Қазақстанның ақпарат құралдарындағы және Қазақстанның ирандық ақпарат құралдардағы бейнесін оң бағалап, екі ел арасында қоғамдық байланыстар мен туризмді дамыту қажеттігін қуаттады.

 

 

 

 

 

Тегтер