Жел 05, 2019 11:01 Asia/Almaty
  • Тоқаев бүгін Германияға барады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін екі күндік ресми сапармен Германияға барады.

Fars News агенттігінің хабарлауы бойынша Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли осы хабарды жариялап, сапар аясында Қазақстан президенті Германия канцлерімен де кездесетінін айтты.

Тоқаев сонымен қатар Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мен Бундестаг басшысы Вольфганг Шойблемен де кездесіп, сұхбаттасады.

Сапар аясында Қазақстан президенті 6 желтоқсанда Германияның саясаткерлері мен қоғам белсенділері және үкіметтік органдарының өкілдерімен, Германия және Орталық Азия достық тобының мүшелерімен өтетін шараға қатысып, сөз сөйлейді.

Мұнымен қатар Тоқаев Берлинде өтетін Еразия клубының 28-отырысына да қатысып, германиялық компаниялардың басшыларымен кездеседі.

 

 

Сараптама