Жел 06, 2019 18:03 Asia/Almaty
  • Қазақстан Батыс елдерінің Қытайға қысым жасау үшін қолданатын құралы емес

Қазақстан Президенті елінің Батыс елдері үшін Қытайға қысым жасау құралы еместігін айтты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның "Deutsche Welle" тілшісіне берген сұхбатында: "Қазіргі таңда Орта Азия аймағында Қытайдан үрку өршіп барады. Қазақстан Батыс елдерінің Бейжіңге қарсы қолданатын құралы болмауы керек.

Қытай мен АҚШ сауда саласында бір-бірімен соғысып жатыр. Сол себепті Орта Азия аймағында Қытайдан үрку арта түсті",-деді.

Тоқаев Қытайдағы "қайта тәрбиелеу" лагерлеріне тоқталып: "Шыңжаңда Қытай азаматтары өмір сүреді. Адам құқығын қорғайтын халықаралық ұйымдар тарапынан жарияланған бұл өңірде тұратын қазақтардың азапталып жатқаны туралы мағлұматтар шындыққа жанаспайды",-деді.

Қазақстан Президенті, сондай-ақ, Ресей мен Қазақстан арасында өзара сенімге негізделген тату көршілестік қалыптасқанын айтты. 

Тегтер

Сараптама