Жел 14, 2019 13:30 Asia/Almaty
  • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде  «Шабе Йалда»  мерекесі өтті

Иран халқы желтоқсанның 21-нен 22-не қараған түнді «Йалда түні» немесе «Челле» деп атап, тойлайды. Бұл ең ұзақ түн деп есептеледі. Йалда мейрамынан кейін түн қысқарып, күн ұзара бастайды.

 Йалда мерекесі – Ирандағы ең көне мерекелердің бірі. Иран халқы Йалда  мерекесінде ескі дәстүр бойынша дастархан жайып, бәрі бірге бас қосып, ескінің жаңаға ауысын тойлайды. Бұл түннің дастарханына қарбыз, анар сияқты әртүрлі жеміс қойылады. Туыстар бас қосып, қисса айтады; Хафиз ғазалдарын оқып, бал ашады.

2019 жылдың 6 желтоқсан күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде  «Рухани жаңғыру» аясында өткен «Шабе Йалда»   мерекесі Иран мәдениетінен сыр шерткен мәдени-әдеби шара болды. «Шабе Йалда» кешінің жақсы өтуі үшін екі ел арасындағы мәдениеттерге айрықша көңіл бөлінді. Мәдени кешке өнер қайраткері Шахрам Фахиқ Насери мырза,  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің парсы тілі оқытушылары және осы университеттің  дайындық факультетінің 1 курс тыңдаушысы Ж.Бегей, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушылары  мен  студенттері                                                                 қатысты. 

Кештің басталу рәсімінде Қазақ филология және әлем тілдері факультетінің деканы Ж.К.Қиынова сөз сөйлеп, шараға қатысушы студенттерге сәттілік  тіледі.

Шахрам Фахиқ Насери мырза бұл мерекенің мәдени маңызын түсіндіріп, мерекелік іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс айтты. Университеттің парсы тілін оқып жатқан 3 курс студенттері «Шабе Йалда» кеші туралы таныстырылымды қазақ, парсы, ағылшын тілдерінде айтып, маңызды мағлұматтармен бөлісті.

Кештің жалғасы «Йалда» әнімен, биші қыздардың әдемі биімен жалғасты. Сондай-ақ мерекелік іс-шарада парсы тілінің 1-ші және 3-ші курс студенттері Йалда кеші жайлы өлең оқыды. Ираннан келген қонақ Ж.Бегей Хафиздың ғазалын оқыды. Шараның соңы 1-ші курс студенттерінің орындауындағы көңілді «Йалда» әнімен аяқталды.

Кеш соңында қорытынды сөзді Шетел тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі А.М.Жалалова сөйлеп, кеш қонақтары мен ұйымдастырушыларға және қатысқан студенттерге алғыс айтып, белсенді студенттерді марапаттады.

 

Сараптама