Жел 14, 2019 19:49 Asia/Almaty
  • 2019 жылдың он бір айында Қазақстанда жалпы ішкі өнім 4,4 пайыздық дамуға ие болды

Қазақстанның Ұлттық Экономика министрі Руслан Даленов 2019 жылдың қаңтар айынан қараша айына дейінгі аралықта елдің жалпы ішкі өнімінің 4,4 пайыздық дамуға ие болғанын айтты.

Fars News агенттігінің мәліметі бойынша Руслан Даленов ағымдағы жылдың басынан бері экономиканың көтерілгенін, қаңтар мен қараша аралығында Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің даму көрсеткіші  4,4 пайызды құрағанын мәлімдеді.

Даленов негізгі өнеркәсіп өндірісі мен ішкі сұраныстың артуын, қызмет көрсету секторының кеңеюі мен инвестиция жобаларының жүзеге асырылуын осы елдің экономикалық даму факторлары деп атады.

Ол Қазақстан экономикасы дамуының желтоқсан айында да төмендемейтінін, экономикалық даму қарқыны жоғарылайтынын айтты.

 

Сараптама