Қаң 14, 2020 16:09 Asia/Almaty
  • Тоқаев: Иранның Украина ұшағы апатының жауапкершілігін қабылдауы өте маңызды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ИИР басшыларының Украинаның жолаушы тасымалдайтын ұшақ апатына жауапкершілігін қабылдауын өте маңызды деп атады.

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында: «Иран басшыларының әртүрлі елдер азаматтарының қаза болуына себеп болған Украина ұшағы  апатының қателік салдарынан болғанын жариялауы маңызды шешім болды»,- деп жазды. Оның айтуынша, бұл жағдайда шиеленісті азайтып, қарапайым халықтың өлімінің алдын алу үшін барлық тарап тиісті шара қолданулары қажет.

Украина халықаралық әуе жолдарының Boeing 737-800 жолаушы тасымалдайтын ұшағы өткен сәрсенбі күні таңертең Теһран ауәжайынан көтерілгеннен бірнеше минуттан кейін апатқа ұшырап, ішіндегі 176 адам қаза тапты.

Ислам революциясы Сақшылар корпусы әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы Амирәли Хаджизаде сенбі  күні телеарнадан сөйлеген сөзінде апаттың жауапкершілігін мойнына алып: «Сақшылар корпусы әуе қорғаныс жүйесі укриналық жолаушы тасымалдайтын ұшақты қанатты зымыранмен шатастырып, оны атты»,- деді.

 

 

 

 

Сараптама