Қаң 17, 2020 13:20 Asia/Almaty
  • Тоқаев Еуропа кеңесінің

Қазақстан Президенті Еуропа кеңесінің "жемқорлыққа қарсы елдер" тобының хатшысымен кездесіп, сұхбаттасты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропа кеңесінің "жемқорлыққа қарсы елдер" тобының хатшысы Джанлуку Эспозитоның кездесуінде Қазақстанның "жемқорлыққа қарсы елдер" тобына қосылуы және Еуропа кеңесімен әріптестігінің перспективасына қатысты мәселелер талқыланды.

Тоқаев Еуропа кеңесінің Нұр-Сұлтанның "жемқорлыққа қарсы елдер" тобына қосылуын қолдайтынына алғыс айтып, аталмыш ұйыммен жемқорлықпен күрес саласында әріптестік жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Ол Қазақстанның осы ұйымның жұмыстарына атсалысуға қызығатынын айтып: "Бұл істің біздің жемқорлықпен күресу жолындағы талпыныстарымызға жаңа ынта беретініне және Нұр-Сұлтанның дамуына кедергі болып отырған басқа мәселелерді шешуге көмектесетініне сенімдіміз",-деді.

Еуропа кеңесінің "жемқорлыққа қарсы елдер" тобының хатшысы: "Қазақстанның осы топқа мүше болып кіруі жемқорлықпен күрес принциптері  мен механизмдерін таратуға ғана емес, коммерциялық және мемлекеттік қызметтер кеңістігінің жақсаруына көмектеседі",-деді.    

Сараптама