Қаң 21, 2020 21:41 Asia/Almaty
  • Моуләвидің «Мәснәуиінің» таңдамалы хикаялары қазақ тілінде жарыққа шықты

Моуләвидің «Мәснәуиінің» таңдамалы хикаялары «Жақсы балаларға жақсы ертегілер» атауымен қазақ тіліне аударылып, жарыққа шықты. Бұл туралы Mehr News агенттігі Иранның Мәдениет және ислам байланыстары ұйымына сілтеме жасап хабарлайды.

Осы мәліметке сәйкес Моуләвидің «Мәснәуи» шығармасының таңдамалы хикаялары негізінде жазған Меһди Азар Яздидің «Жақсы балаларға жақсы ертегілер» кітабы Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының «Top Translation» жобасы аясында қазақ тіліне аударылып, Алматы қаласында BRK Press баспасында жарыққа шықты.

Кітапты парсы тілінен аударып, баспаға дайындаған – Айнаш Қасым.

 

 

 

 
 
 
 
 

 

Сараптама