Ақп 08, 2020 20:45 Asia/Almaty
  • Экономикалық ынтымақтастық – Батыстың Орта Азия істеріне араласуының сылтауы

Қазақстан астанасы Нұр-Cұлтанда бұл ел мен Еуроодақ экономикалық ынтымақтастығын кеңейту мәселелерін талқылауға арналған төртінші отырыс өтті.

 

Қазақстан Премьер-министр Асқар Маминның басшылығымен өткен бұл отырысқа Еуроодаққа мүше елдер елшілері қатысты. Еуроодақ өткен 20 жылда Орта Азия елдері басшыларымен бірлескен  сондай-ақ әр елмен жеке ынтымақтастық отырыстар өткізді. Бірақ еуроодақ пен оның қарамағындағы ұйымдар бұрынғы Шығыс блогінің, әсіресе Орта Азия республикаларына мүмкіндіктері жеткенше араласуға талпынуда деген ой туады. Еуропалық басшылар Орталық Азия елдеріне инвестиция салу және олардың экономикасына көмектесу сынты тақырыптармен Батыстың қарамағындағы ұйымдарға бұл елдерге енуге жағдай жасауда. Сонымен бірге бұл үдерістің жалғасында Батыс үкіметтері адам құқығы, сөз бен ақпарат құралдар азаттығы, Батыстың өмір сүру салты және ұқсас мәселелермен іс жүзінде бұл елдерге өз талаптарын таңуда.  Еуроодақ 2007 жылы шынайы түрде Орта Азия елдерімен ынтымақтастық ету үшін ұзақ мерзімді бағдарламалар дайындап, іске асырды.  Аталмыш бағдарламаларды дайындап, іске асыру Еуроодақтың аймақтағы белсенділігін кеңейтуімен бірге бұл жэердегі жағдайын нығайтуды көздейтінін көрсетті. Еуроодақтың Сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі бұрынғы Жоғары өкілі Федерика Могерини: "орталық Азия тарихы мен мәдениеті және Шығыс пен Батыстың арасында атқарған рөліне байланысты маңызды аймақ саналады",- деді.  Бұл мақсатына жету үшін Еуропалық Одақ Орталық Азия елдерімен адам құқығы тақырыбындағы  диалогтың маңыздылығын ерекше атап, оны өзінің «аймақты еуропаландыру миссиясының» бөлігі ретінде жариялады. Еуропалық шенеуніктер Орта Азия шенеуніктерімен Еуроодақ үлгісіне сай бұл елдердің  құқықтық жүйелерін реформалау жобалар жөнінде сөйлесті. «Азаматтық қоғам», «Демократия және адам құқықтары саласындағы еуропалық бастама» бағдарламалары -  Еуроодақтың құралы болып табылады. Батыс үкіметтері ұстанымдарына жасаған шолу ЕО басшыларының Орталық Азия елдерін ең алдымен гуманитарлық және қаржылық көмек алушы ретінде қабылдайтынын дәлелдейді. Осы себепті Орта Азия елдері Еуропалық Одақтың мүдделерін ескеріп қана қоймай, оларды толығымен іске асыруы керек. Батыс үкіметтерінің талаптарын ескере отырып, Қазақстан сияқты Орталық Азия үкіметтері бұл Одақты Еуропа және Азия елдеріне қосылатын ел деп қарастырады.

 

Тегтер

Сараптама