Ақп 10, 2020 00:03 Asia/Almaty
  • Қазақстанда үкімет пен оппозиционерлер арасындағы текетірес жалғасып жатыр

Қазақстанның оңтүстігінде үкіметке қарсылар мен полиция күштері арасындағы қарулы қақтығыстар әлі де жалғасып жатыр.

Қазақстанның Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев: "Елдің оңтүстігіндегі қарулы қақтығыстар салдарынан кемінде 8 адам қаза тауып, 40 адам жараланды",-деп мәлімдеді.

Қазақстан басшылары елдің оңтүстігіндегі қарулы қақтығыстардың шығу себебі туралы ашық түрде ұстаным білдірмегеніне қарамастан, бұл қақтығыстар қазақтар мен дүнгендер арасында орын алғанға ұқсайды. Дүнгендер – заты қытай мұсылман ұлт. Олар Қазақстанның оңтүстігінде тұрады. Соңғы қақтығыстардың маңызды болғаны соншалықты, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала хабарлаусыз, осы елдің ұлттық арнасында сөз сөйлеп, ұлттық бірлікті сақтауға шақырып: "Тексеріс аяқталғаннан кейін оқиғаға жауаптылар жазаланады",-деді.

Шындық мынада: Қазақстан экономикасында кемшіліктер байқалып, қоғамның басым бөлігі тұрмыстық және қаржылай қиындықтарға ұшырап отырғанымен бұл елде ішкі наразылықтар сирек болады. Орта Азияның басқа елдері сияқты Қазақстан үкіметі мен оған қарасты органдар оппозиционерлерге шеру өткізуге рұқсат бермейді.

Кейбір болжамдар бойынша, Қазақстанның әртүрлі қалаларында болған халықтық наразылықтардың тамыры ішкі қиындықтар саналғанымен, бұл орайда сырттан араласу да айтарлықтай рөл ойнайды. Шын мәнінде, Батыс елдері, әсіресе АҚШ Қазақстанның ақпарат құралдарына әсер етіп, өткен бірнеше жылда бұл елдегі қоғамдық пікірді өз мүддесіне бұра алды. Батыс елдері Қытайдан  және Ресейден үрку саясатын жүргізу арқылы соңғы бірнеше жылда Қазақстанның әртүрлі қалаларында бірнеше үкіметке қарсы шерулер ұйымдастырды. 

Қазақстанда ішкі наразылықтардың пайда болу себептерінің бірі елдің қазіргі үкіметі мен Назарбаевты ашық сынаушылардың бірі әрі бұрынғы банкир Мұхтар Аблязовтың белсенділіктеріне байланысты. Қазақстан сотында сыбайлас жемқорлық айыбымен сырттай сотталған Аблязов қазір Франция тұрып жатыр. Ол әсіресе сайлау қарсаңында мұнайлы Қазақстанда жақтастар жинау үшін  әлеуметтік желілерді пайдаланады.   

Көптеген шектеулерге қарамастан, Қазақстанның бірнеше қаласында үкіметке қарсы наразылықтар бірінші рет өткізіліп тұрған жоқ. Елдегі ішкі наразылықтар 2016 жылдың 24 сәуірінен басталды деуге болады. Мұндай наразылықтар Қазақстан үкіметін түйткілге ұшыратып отыр. Қазақ оппозиционерлері  соңғы бірнеше жылда "Оян, Қазақстан!" деп ұрандатып, "Назарбаевсыз Қазақстан" немесе "Парламенттік республика" деген мазмұндағы плакаттар ұстап шығып, наразылықтарын білдіргендіктен Қазақстандағы ішкі наразылықтар сырттан, әсіресе АҚШ-тың араласуы салдарынан орын алып жатыр деп айтуға болады.  

Тегтер

Сараптама