Ақп 18, 2020 00:34 Asia/Almaty
  • 2019 жылы Қазақстанда 80 мешіт ашылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мешіттер ісі бөлімінің басшысы 2019 жылы бұл елде 80 мешіттің ашылғанын хабарлады.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Марат Жапасбаев: "Бұл мешіттердің құжаттары тиісті органда тіркеуден өтті. Олар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауына ие",-деді.

Бүгінде Қазақстанда мешіт салу 0,67 пайызға өсті. Елде жалпы 2691 мешіт жұмыс істейді. Мұнымен қоса, алдағы күндері тағы 166 мешіт ашылады.  

Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни білім беру және мамандар дайындау бөлімінің басшысы Бейбіт Мырзалиев: "Ел бойынша 2019 жылы 50 мың адам діни сауат ашу курстарынан өтті. Өткен жылы Алматы, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларындағы мешіттерде өткізілген діни сауат ашу курстарына 32842 ер адам, 16949 әйел адам қатысты. Жалпы 49790 адам аталмыш курсты бітірді",-деді.  

Сараптама