Ақп 24, 2020 15:31 Asia/Almaty
  • Қазақстаннан Өзбекстанға цемент экспорты азайды

Қазақстан Қаржы министрлігінің мемлекеттік табыстар комитетінің статистикалық мәліметі бойынша, осы елдің цемент зауыттары өткен бір жылда Өзбекстанға цемент экспортын 10,4 пайызға азайтқан.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 2019 жылы Қазақстанның зауыттары құны 84 млн 880 мың долларды құрайтын 1 690000 тонна цемент экспорттаған. Бұл көлем 2018 жылмен салыстырғанда 10,4 пайызға аз.

Қазақстанға цемент экспорттайтын негізгі елдер – Ресей (өткен жылы 485 мың тонна), Иран (397 мың тонна), Беларусь (3300 тонна) және Қытай (2800 тонна).  

Сараптама