Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 204 адамға жетті
Нау 28, 2020 19:36 Asia/Almaty
Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирусқа шалдыққандар санының 204 адамға жеткенін хабарлады.
Бүгінгі статистикалық мәліметке сәйкес, Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 204 адамға жетті. Нұр-Сұлтанда 107, Алматыда 57, Қарағандыда 4, Шымкентте 2, Ақтөбеде 5, Алматы облысында 2, Ақтөбе облысында 1, Атырау облысында 4, ШҚО-да 2, Жамбыл облысында 3, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау облыстарында бір-бір адамнан тіркелді. Елде алғашқы коронавирус жұқтыру жайты тіркелгеннен осы күнге дейін 15 адам емделіп шығып, 1 адам қайтыс болды.