Сәу 01, 2020 16:48 Asia/Almaty
  • Шымкент қаласында карантин жарияланды

Шымкент қаласының әкімі коронавирустың таралуымен күресу мақсатында қалада жүріс-тұрысқа шектеу қойды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов: «Транзиттік көліктер мен қаланы қажетті тауарлармен қамтамасыз ететін көліктерден басқа барлық көліктердің кіріп-шығуына 31 наурыз сағат 09:00-дан бастап тыйым салынып, барлық тұрғындар маска тағуға міндеттелді.  

Тұрғындар жауапкершілікті сезініп, саналы түрде гигиеналық ережелер мен шектеулерді сақтауы тиіс. Жанұялық мерекелер мен діни рәсімдерге толық тыйым салынды»,-деді.

Бұдан бұрын Қазақстанның тұрғыны көп екі қаласы – Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланған болатын.

 

Тегтер

Сараптама