Сәу 01, 2020 17:48 Asia/Almaty
  • Қазақстанда 372 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі жаңа статистикалық мәлімет жариялап, елде 372 адам коронавирус жұқтырғанын хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігінің Германиядан хабарлауы бойынша, сәрсенбі күні жарияланған мәліметке сәйкес Қазақстанда коронавирустан 24 адам емделіп шығып, 3 адам көз жұмды.

Қазақстанда коронавирустың таралуының алдын алу үшін төтенше жағдайдың жариялануы Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қызылорда қалалары мен Ақмола, Жамбыл  және Алматы облыстарында карантин жариялануына себеп болды.

 

Сараптама