Сәу 04, 2020 18:21 Asia/Almaty
  • «Қасиетті Құран: мағынасы мен түсініктемелері» атты кітаптың тұсаукесері өтті

Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен «Қасиетті Құран: мағынасы мен түсініктемелері» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл рәсімге Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы, Парламент депутаттары, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері мен діни тұлғалар қатысты. Наурызбай қажы Ислам Пайғамбарының (с.ғ.с.) «Құран оқылған және Алланың есімі айтылатын үйдің берекелі болатыны және бұл үйге періштелер түсіп, шайтандардың қашатыны» туралы хадисті еске салып: «Аударманың ерекшелігі – қасиетті аяттар араб тіліндегі түпнұсқадан аударылып, аяттардың қазақша мағынасы берілуінде, тәпсірі, түсініктемесі мен тарихы жан-жақты жазылуында. Бұл аударма мен тәпсір Құранның мағынасын тікелей түсіндіру мақсатын көздейді»,- деді. Құранды араб тілінен аударған – исламтанушы, ҚМДБ наиб мүфтиі Ершат Оңғаров.

 

 

Сараптама