Сәу 04, 2020 19:25 Asia/Almaty
  • Қазақстан Сирия келіссөздерінің келесі отырысын өткізуге дайын

Қазақстан Президенті елінің Сириядағы дағдарысты шешу тақырыбындағы келіссөздердің жаңа кезеңін өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

IRNA агенттігінің сенбі күнгі хабарлауынша Қасым-Жомарт Тоқаев ЕО Кеңесінің Президенті Шарль Мишельмен телефон арқылы сұхбатта отырысты өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Осы уақытқа дейін Сирия дағдарысын шешу бойынша келіссөздердің 14 раунды өтті. Кездесулердің барлығы Сирияның егемендігін, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау, Сирия жерінде терроризмді  жою және атысты тоқтату процесін жалғастыру қажеттігін қуаттады.

«Астана келіссөздері» 2017 жылдың қаңтар айынан Иранның бастамасымен Сирияда бейбітшілік орнату мақсатында Ресей және Түркияның ынтымақтастығымен басталады. Иран, Түркия және Ресей Астана үдерісіне кепіл елдер ретінде Сирия дағдарысын шешуге талпынуда.

 

 

Сараптама