Сәу 08, 2020 13:11 Asia/Almaty
  • 120 қазақстандық дәрігер коронавирус жұқтырды

Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдардың 19% медициналық қызметкерлер.

 

Fars News агенттігінің мәліметі бойынша, Айжан Есмагамбетoва баспасөз мәслихатында 120 қазақстандық дәрігердің коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, дәрігерлердің бірінің жағдайы ауыр, 57 адамның жағдайы жақсы.

Қазақстан үкіметі бұған дейін коронавируспен ауырып жатқан науқастарды емдейтін дәрігерлердің жалақысын көбейтетінін айтқан болатын.

Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 670-ке жетті, олардың 46-ы емделіп, 6 адам қайтыс болды.

COVID-19 одан әрі таралуының алдын алу үшін елде 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай және бірқатар қалаларда толығымен карантин жарияланды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі сәуір айының ортасында елде коронавирус таралуының ең жоғары деңгейге жететіні туралы болжам жасады.

 

Тегтер

Сараптама