Maм 13, 2020 16:22 Asia/Almaty
  • Қазақстанда әуе рейстерінің жолаушылары үшін коронавирустың анықтамасы қажет емес

Қазақстанда коронавирустың таралуының алдын алуға қойылған карантиннің жойылуымен ішкі әуе рейстерінде жолаушы санының көбеюіне байланысты енді коронавирус анықтамасы қажет емес.

 

Қазақстанның Tengrinews ақпарат агенттігі коронавируспен күрес штабының мәлімдемесіне сілтеме жасап,   мамыр айының басынан бері елдің әуе рейстері жолаушылары мен экипаж мүшелерінің арасында коронавирус жұқтыру жайттарының байқалмауына байланысты  оны теріске шығаратын анықтаманың қажет еместігін хабарлады. Қазақстанның коронавируспен күрес штабының мәлімдемесі бойынша, жолаушыларға әлеуметтік қашықтықты сақтап, маска тағу міндеттелді, сондай-ақ, олардың дене қызуы тексеріледі.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі елде кеше сейсенбі күнге дейін коронавирусқа шалдыққандар санының 5279 адамға жеткенін, олардың ішінде 2108 жазылып, 32 адамның қайтыс болғанын хабарлады.

 

 

Сараптама