Maм 16, 2020 20:06 Asia/Almaty
  • Қазақстан мешіттері жақын арада ашылады

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов: «Кеше коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында комиссия мүшелері карантин шектеулерін азайтуға шешім қабылдады. Осыған орай біріншіден елдің діни орталықтарының жұмыстары қалыпты жағдайға оралады»,- деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің Алматыдан хабарлауы бойынша, Қазақстан Діни басқармасы да бүгін сенбі күні ел мешіттерінің 18 мамырдан ашылатынын хабарлады. Қазақстан мешіттері таңғы сағат жетіден кешкі сағат сегізге дейін ашық болады. Адамдар қашықтықты сақтап, жеке түрде ғибадат етеді.

 

 

Тегтер

Сараптама