Maм 24, 2020 15:25 Asia/Almaty
  • Коронавирустың таралуына байланысты «Қазақмыс» корпорациясы жұмысын тоқтатты

Қазақстанның «Қазақмыс» ірі коропорациясы 35 адамның COVID-19 вирусын жұқтыруына байланысты «Нұрқазған» кенішіндегі жұмысын тоқтатты.

OANA ақпарат арнасының мәліметінше, қазіргі уақытта 12 сағаттық ауысымда тек  100 адам ғана жөндеу жұмыстарымен айналысады. Корпорация жағдайдың бақылауға алынып, «Нұрқазған» жұмысшыларынан коронавирусқа тест алынып жатқанын, тест нәтижелері бойынша вирус жұқтырмағандар үйлерінде карантинде болатынын мәлім етті.

«Нұрқазған» кеніші Теміртау қаласынан солтүстігінде 10 км жерде орналасқан. Бұл жерде жұмысшылар мен мердігерлерді қосқанда 1100-ден астам адам жұмыс істейді.

 

 

Сараптама