Maм 29, 2020 16:10 Asia/Almaty
  • Коронавирустың таралуына байланысты

«Шеврон» компаниясының атқарушы директоры акционерлерімен видеоконференция түрінде өткізген отырысында: «Теңізшевройл» мұнай кенішінің шамамен 20 мың жұмысшысын үйлеріне жіберді. Олардан коронавирусқа тест алынды»,- деп хабарлады.

Маңызды жұмыс орындарындағы жұмысшылардан коронавирусқа тест алынып, оларға жеке бас қорғаныс құралдарын қолдану міндеттелді. Bloomberg агенттігінің мәліметінше, штаттардың қысқаруы Қазақстанға 1990 жылдардың басында кірген ірі мұнай компаниясы үшін үлкен соққы. «Шеврон» өткен жылдың соңында «Теңізшевройл» мұнай кені қаржысының 25 пайызға артуын жариялауымен сарапшыларды таңғалдырды. «Шеврон» компаниясының атқарушы директоры бұл жерде осыдан екі ай бұрын 3000-нан астам адамның жұмыс істегенін айтты.

 

Сараптама